Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің Саратов облысындағы өзеннен қазақстандықтың мәйіті табылды

Саратов облысындағы Гуселка өзеніні жағасында ойнап жүрген балалар ер адамның мүрдесін көрген, деп хабарлайды.

img_5395

Сурет: onf.ru 

Оқиға орнына барған облыстық тергеу басқармасының тергеушісі Илья Литвиновтың айтуынша, арнаны қамыс басып кеткен, сондықтан құқы қорғаушы мүрдеге құтқарушылар көмегімен әзер жеткен.

«Марқұмның құжаты, ақшасы және телефоны өзінде сақталған. Сол арқылы оның Қазақстан азаматы екендігі анықталып, оның Саратовқа жұмыс істеу үшін келгенін белгілі болған. Өлі денеде жарақат, соққының ізі жоқ. Сондықтан оның өлімі табиғи болуы мүмкін. Алайда оның елді мекеннен алыс қамыстың арасында не істеп жүргенін анықтау керек», дейді тергеуші.

Жіберіп алмаңыз:

Сүңгуірлер Нұра өзеніне батып кеткен жігіттің денесін тапты

Көкшетауда жоғалып кеткен ер адамның азаптап өлтірілген мәйіті табылды

Алматы мен Қапшағай жолы бойында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Талқылау