Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің Дятлов асуында қайтыс болған қазақстандық жападан-жалғыз өмір сүрген

Дятлов асуында көз жұмған Олег есімді қазақстандық бірнеше жыл бойы тек жалғыз өзі өмір сүріп келген.  10160565

Әкесінің тылсымға толы Дятлов асуында қайтыс болғанын оның ұлы Вячеслав та растады.

8 қаңтар күні түнгі 12-лер шамасында Ивдель қалалық полиция бөлімшесіне туристерден Дятлов асуында адамның мәйіті жатқаны жайлы хабар түседі. Сейсенбі күні құтқарушылар оқиға орынына жетті.

Мәйітті зерттеу барысында, оның суыққа шыдамай қайтыс болғаны нақтыланған. Синоптиктердің айтуынша сол түні асуда ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеп, жел секундына 30 метр жылдамдықпен соққан.

РФ тергеу комитетінің хабарлауы бойынша, қайтыс болған 47 жастағы азамат Челябинск облысында туылған қазақстандық болып шыққан.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары қайтыс болған кісінің сол асуға тиесілі ауданда бірнеше жылдан бері өмір сүріп келе жатқанын айтқан. Ертеректе, интернетте құпия бейнетаспаға басылған ер кісінің сұхбаты жарық көрген болатын. Бейнежазбада ер адам 46 жаста, мамандығы инженер, отбасы бар екенін айтқан. Алғашқыда ол бірнеше күнге ғана саяхатқа кетіп жүреді. Кейінірек бірнеше айға, ал соңғы кездері тіпті 2 жарым жыл бойы үй көрмей саяхатын тау асып жалғастырып кеткен.
 

Талқылау