Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің ауыр атлетика федерациясы Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Грозный қаласында өткен РФ Президенті Кубогы үшін сайыста қазақстандық ауыр атлетшілер Илья Ильин мен Александр Зайчиковты марапаттау кезінде Қазақстанның ескі әнұраны шырқалған болатын.

DSC_7949_copyDSC_7949_copy

Бұл туралы STAN.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, 13 желтоқсан күні Грозный қаласында өткен ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнирде ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақта бақ сынаған Илья Ильин 2 мәрте әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Тағы бір спортшымыз Александр Зайчиков күміс медаль иеленген еді. Жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны ойналғанын аңғарып қалған Илья жарысты ұйымдастырушылар мен марапаттауға шыққан азаматтарға бұл ескі әнұран екенін айтты. Кейін еліміздің жаңа әнұраны шырқалды.

Бұған дейін Илья Илиннің Грозныйда өткен турнирде 2 рет рекорд жаңартқанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау