Ресейден табылған маугли-қыз сөйлей бастады

Мәскеу қаласындағы Башляева атындағы балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Исмаил Османов пәтерден табылған қыздың жағдайы туралы айтты.

Ресейден табылған маугли-қыз сөйлей бастады

Оның айтуынша, бала бәрін түсінеді, тіпті сөйлесуге ұмтылыс жасайды.

"Қыз бала бірнеше сөздер айтты. Атын атағанда қарайды. Күлімсірейді, ешкімнен қорықпайды, - деді ол.

Дәрігердің айтуы бойынша, қыз өткір немесе созылмалы күйзеліске байланысты уақытша сөйлей алмай қалған. Қазір оның физикалық жағдайы қанағаттанарлық деңгейге жақын. Жақын арада балада психологиялық оңалту болады. 

Гигиенаның болмауына байланысты спиральдың бір бөлігі қыздың терісіне бітіп өсіп кеткен, бірақ ота арқылы алынып тасталды.

Дәрігерлер балаға көрсетілген зорлық-зомбылық белгілерін таппады.

Еске сала кетсек, Мәскеудегі пәтерлердің бірінен қоқыстың арасында тұрып жатқан 5 жасар қыз табылған еді. Қыздың анасы жұмыс істегендіктен уақытша жалғыз қалдырғанын түсіндірді. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Загрузка...
Қазір оқып жатыр