Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік азамат шекарадан қолтырауын мен питонды құжатсыз алып өтпек болған

Ресей-Қазақстан шекарысында қызметкерлер питон жыланы мен қолтырауынды алып өтпек болғандарды ұстады. Олар екі жыртқышқа мысық пен күшіктің құжаттарын жасатып алған.

pic_296ef8f391ad30c26bf466a70f027265

Сурет: Ресейдің Алтай өңірі ФҚҚ шекара басқармасынан

Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдері хабарлайды.

Жанураларды Омбыдан Қазақстанға өткізбек болған. Жүк Веселоярск пункінде тоқтатылған “Газель” көлігінен табылды. Ұсталғандардың айтуынша, олар жылан мен қолтырауынды түрлі кештерде көрсететін аттракциондарға ұсынбақшы болған.

Бірақ, оларды Қазақстан аумағына өткізген жоқ. Тәртіп бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынды.

Осы жылдың қазан айында Ресейден Қазақстанға “Қызыл кітапқа” енген 200-ге жуық тасбақа өткізбек болған. Олар тасбақаларды қапқа салып, аузын жауып тастаған болатын.

Шілде айында кеден қызметкерлері Мәскеудің Домодедова әуежайынан сирек кездесетін сұңқардың жұмыртқаларын тәркілеген еді. Оларды картонның ішіне жасырып, тауық жұмыртқасы ретінде өткізбек болған.

Талқылау