Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейден келген цирк Ақтөбе көшелерінде жыртқыш аңды емін-еркін аралатқан

Ақтөбе көшелерінде жолбарыс жүр. Ресейден келген цирк жарнама жасау үшін жыртқыш аңды Газель көлігіне міндіріп, қаланы емін-еркін аралатқан.

12e5fc7554

Көрнекі сурет

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қорқынышты көріністі көрген куәгерлер көше аралаған жолбарысты ұялы телефондарына түсіріп, ғаламторға салған.

Интернет желісінде лезде тараған бұл бейнежазба ақтөбеліктердің зәресін алған. Қалаға гастрольмен келген ресейлік цирк өз жарнамаларын осылай жасауды ұйғарса керек. Торға алынған жыртқыш аңды халық көп жүретін көшелермен алып жүру адам өміріне қауіпті деп тұрғындар бірден наразылық білдірген.

– “Қауіпті болады ғой, адамдарға ол ит емес қой, – дейді тұрғындар.

Циркке көрермен жинау үшін жасалған бұл жарнама түрін жануарларды қорғау орталығының мамандары да құптап отырған жоқ.  Аптап ыстықта жолбарысты көшеге алып шығу оны қорлаумен тең, бұл адамдардың жануарға деген немқұрайлығының белгісі,- дейді.

– “Бұл жағдайда алдымен жануарды қорлау болады, одан кейін адамдардың құқығы бұзылып отыр. Біріншіден, жануарды жақсы көретін адамдар бар, солар тордағы жолбарысты көргенде қатты уайымдауы мүмкін. Екіншіден, ол жыртқыш аң, сондықтан ол кез келген уақытта тордан шығып кетуі мүмкін. Олай болған жағдайда көшедегі адамдарға қауіпті”, – Жануарларды қорғау орталығының президенті Татьяна Острецова.

Ал Ресейден Ақтөбеге келген цирктің басшысының ойы бөлек.  Жыртқыш аңды қала көшелеріне алып шығуларының өз себептері бар екен. Бар болғаны, тамаққа тойған жолбарыстың асын қорыту үшін қала аралататын көрінеді.

– “Біз жыртқыштарды тамаққа тойдырамыз да, таза ауа жұтуы үшін, тамағы тарқауы үшін осылай көшеге шығарып тұрамыз. Күн ысыған кезде оларға осындай жағдайды жасаймыз. Жарнама болады, оған қоса бойлары сергиді”, – дейді цирк директоры.

Ресейлік цирк Ақтөбеден қайтқанша жарнама үшін пайдаланатын жыртқыш аңдардың қаншасы әлі көше кезетіні  белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Жолбарыс зообақ қызметкерін қабыланнан құтқарды (видео)

Тікелей эфирде жолбарыс кішкентай қызға шабуылдады (видео)

Қытай саябағында жолбарыс келушіге шабуыл жасады (видео)

Талқылау