Ресейдегі жалғыз қазақ мектебі жабылды деген ақпарат тарады. Министр түсініктеме берді

Ресейдегі жалғыз қазақ мектебі жабылып қалыпты. Қоғамда осындай ақпарат тарады. Өз кезегінде еліміздің білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Ресейдегі жалғыз қазақ мектебі жабылды деген ақпарат тарады. Министр түсініктеме берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Алтай өңірінің Керей ауылындағы қазақ мектебінің жабылып қалғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берген білім министрі Ресейдегі жаңа заңға сәйкес бірыңғай стандарт енгізілгенін айтып отыр. 

«Бірақ Ресей тарапынан осы қазақ мектебін әдейі жауып қойғаны туралы мәселе көтерілмей қалған жоқ. Жалпы, мектептер балалардың, ата-аналардың сұранысына қарап ашылады. Ата-аналар мектептің тек оқу тілін анықтайды », - дейді Күләш Шәмшидинова.

Осылайша екіұшты жауап берген білім министрі Алтай өлкесі Керей аулындағы мектептің жабылмағанын, тек қазақ мектебі деп аталмайтын болғанын айтады. Яғни қазақ тілі факультативті пән ретінде ғана оқытылмақ. Ресейдегі қандастарымыз көп қоныстанған аумақтардың бәрінде осындай жағдай екен. Білім және ғылым министрі оларға оқулықтар жіберіп, қазақ тіліне барынша қолдау көтеріп жатырмыз, дейді. 

Алайда Ресейдегі жаңа заңға сәйкес қазақстандық оқулықтарды да пайдалануға болмайтын көрінеді. Осы орайда еліміздегі орыс мектептерінің бәрін тек қазақ тілінде оқытсақ қалай болады деген бастамалар да көтеріліп жатыр. Күләш Шәмшидинова Қазақстанда білім беру тілі ата-аналардың қалауына қарай белгілетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр