Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдегі орташа жалақы мөлшері Қазақстандағы еңбекақы көлемімен тең болды

Жоғары экономика мектебінің мәліметінше, ресейліктердің 2015 жылғы орташа жалақысы АҚШ долларына ауыстырғанда Қазақстандағы еңбекақы деңгейімен бірдей болды.

245cdbbce202176f486545b8056775ad

Сурет: bankdirect.pro 

«Жоғары экономика мектебінің мәліметінше, ресейліктердің 2015 жылғы орташа жалақысы АҚШ долларына ауыстырғанда Қазақстандағы еңбекақы деңгейімен бірдей болды. 2014 жылы ресейліктердің жалақысы үштен бір бөлікке қысқарған, – делінген хабарламада.

Ресейде жалақы деңгейінің азаюынан жыл соңында Қазақстан мен Белоруссия елімен тең түсті. Мұны жоғары экономика мектебінің сарапшылары мамыр айындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын мониторингтік тексеру кезінде есептеп көрді.

Ақша айырбастау арқылы есептелген Ресейдегі жалақы мөлшері былтырғы жылы 558 долларды құраған. Ол 2014 жылмен салыстырғанда үштен бірге, яғни, на 34%-ға төмен. Ал, Қазақстан мен Белоруссияда орташа жалақы мөлшері 549 және 415 долларды құраған.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда ең жоғарғы жалақыға кімдер үміткер екені анықталды

Талқылау