Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде жол апатынан көз жұмғандардың ішінде ЖОО оқытушысы мен ақтөбелік кәсіпкер болған

Орынбор маңында жантүршігерлік жол апатынан көз жұмғандардың ішінде Ақтөбенің екі кәсіпкері болған. Олардың бірі Жұбанов атындағы университетте ұзақ уақыт оқытушы болып жұмыс істеген.

Ресейде жол апатынан көз жұмғандардың ішінде ЖОО оқытушысы мен ақтөбелік кәсіпкер болған

Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жол апаты салдарынан Бағдагүл Елубаева көз жұмған. Ол екі аптадан кейін 41 жасқа толар еді.

Бағдагүл Елубаева Жұбанов атындағы университетте ұзақ уақыт бойы құқық пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген. Бір жыл бұрын кәсіпкерлікпен айналысуды ұығарып, ЖОО-дағы жұмысынан кеткен.

Ол желтоқсан айының ортасында Нұр Ақтөбеде өзінің сұлулық салонын ашуды жоспарлап жүрген. Өкінішке орай, Бағдагүл Елубаева бұл қуанышты күнге дете алмады. Ертең оның денесі жер қойнына тапсырылады. Марқұмның артында бауырлары мен егіз әпкесі қалды.

Сонымен қатар жантүршігерлік жол апатынан оның танысы Оразгүл Тәжімұрат та мерт болған.

Оның да өз шағын бизнесі болыпты. Күні кеше марқұмды жерлеу рәсімі өтті. Оразгүл Тәжімұраттың артында күйеуі мен екі қызы, немересі қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау