Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде жол апатынан көз жұмған қазақстандықтардың есімі жарияланды

28 қарашада «Орынбор- Соль-Илецк» автожолының 52-шақырымында, Елшанка аулының маңында «Ман» маркасының жүк көлігі мен «Фольксваген Шаран» автокөлігі соғысып, салдарынан 5 адам көз жұмып, тағы екеуі зардап шеккен еді. Апаттан көз жұмғандар мен зардап шеккендердің есімі жарияланды.

Ресейде жол апатынан көз жұмған қазақстандықтардың есімі  жарияланды

Апатқа ұшыраған көлікте Қазақстанның 7 азаматы болған. Олардың 5-еуі мерт болып, 2-еуі зардап шекті. Қайтыс болғандардың мүрдесі Орынбор мәйітханасына жеткізілді, деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болғандардың бәрі – Ақтөбе облысының тұрғындары.

Зардап шеккендер:

  1. Дәулетшина Минур Сайфутдинова – 1950 жылғы
  2. Мотненко Константин Эдуардович – 1996 жылғы

Қайтыс болғандар:

  1. Маханов Халаби Аббасович – 1984 жылғы
  2. Қуанов Серік Владимирович – 1987 жылғы
  3. Тәжімұрат Оразгүл Қурағанқызы – 1963 жылғы
  4. Елубаева Бағдагүл Тыныштықовна – 1977 жылғы
  5. Аралханов Манас Аралханович – 1987 жылғы

Еске сала кетсек, 28 қарашада Ресейде Қазақстанның жеті азаматы ЖКО-ға түсіп, бесеуі қайтыс болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау