Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Zara мен Mango жейделері денсаулыққа қауіпті деп танылды

Ресей дүкендерінде сатылатын кейбір жейде үлгілері міндеттелген қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Мамандардың арнайы сараптамасынан кейін Zara, Mango, Bellford мен John Jeniford брендінің өнімдері талапқа сай келмейтін болып шықты.

93076_640

Тексеріс нәтижесі бойынша, аталған алғашқы үш бренд үлгілерінің денеге ауа жібермейтіні анықталды. Ал, John Jeniford брендті жейделерінің үйкегенде не жуғанда бояуы шығып кеткен. Тіпті, тауардың сапасы этикетте жазылғандай анықтамамен сәйкес келмеген. Мәселен, Fortunato мен Brostem мақтаның орнына полиэфирді қолданған.

Тек киімдер ғана емес, сәндік бұйымдардың да денсаулыққа зияны болуы мүмкін. Zara дүкенінде құрамына кадмий көп қосылған алқа тексерілген. Ол қатерлі ісік дертін туындатуы мүмкін.

Zara – әйелдер мен ерлерге, балаларға арналған аксессуарлар мен аяқ киім, киім, шығаратын испандық марка. Марка Inditex  холдингіне қарайды. Оның жетекшілігімен Pull & Bear, Bershka және өзге де брендтер жұмыс істейді.

Mango – 1984 жылы құрылған испандық масс-маркет. Оның штаб-пәтері Барселонада орналасқан.

Талқылау