Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей «халал-туризмді» дамытпақ

Ресей Парсы шығанағынан келуші туристерге «халал-френдли» бағдарламасы негізінде қонақжайлық көрсетпекші. 2014 жылдың қыркүйегінде Мәскеудегі «Аэростар» қонақүйі әлем бойынша шариғат заңдарына сәйкес келеді деп танылып, «Халал қонақүй» статусына ие болған.

krasota01_b

 

Осы жайында Ресей туризмінің жетекшісі Сергей Корнеев Дубайдағы VisitRussia ұлттық туристік офисінің ашылу салтанаты кезінде мәлімдеді.

Ол бұған дейін таяу Шығыс елдеріне туристік қызмет көрсетпегендері дұрыс болмағанын айтты. Оның айтуынша, Ресейге БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы сынды мұсылман елдерінің туристерін тартпақшы.

Корнеев «халяль-френдли» бойынша халал асханалар ғана жұмыс істеп қоймай, толыққанды мұсылмандық негізде қызмет көрсетілетін болады. Мәселен, араб тіліндегі мейрамхана мәзірі болатынын айтты. Одан бөлек, демалушылар үшін орыс, кавказ асханалары да ұсынылады. Парсы шығанағы тұрғындарына қыстық турлар болады.

Қыркүйекте Fusion Tour түріктің туристик компаниясы демалушыларға Эгей теңізіне халал түрде саяхат жасауды ұсынған болатын. Алайда, кеме бортында ішімдік пен доңыз етінен жасалған тағамдар бар болып шыққан. Ерлер мен әйелдерге арналған спорт залдар, спа-орталықтар, түрік моншасы жұмыс істеген.

Халал туризм бойынша Дүнииежүзілік саммиттің директоры Энд Бьюкенен БАӘ салынған қаржы соңғы 5 жылда 350 миллион долларды құрағанын айтты.

Global Muslim Travel Index 2015 есебінің мәліметі бойынша 2014 жылы хала туризмді таңдаған демалушылар саны 108 миллион адамды құрады. (Жалпы туристердің 10 пайызы) Ал, одан түскен қаражат 145 миллион доллар. Болжам бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш 200 миллиард долларға дейін өседі деп жоспарланған.

Талқылау