Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде тура балабақшаның жанынан жерлеу бюросы ашылды

Сургутте балабақшамен бір ғимаратта жерлеу қызметтерін ұсынатын салон ашыды. Қала мэрі Вадим Шувалов бұл туралы желідегі парақшасында да айтыпты.

Безымянный

“Бір бөлігін “Гулливер” балабақшасы жалдап отырған ғимараттың иесі жерлеу қызметтерін ұйымдастыратын арендаторларға да рұқсат еткен. Бір есігі – балабақша, бір есігі – жерлеу бюросы болды да шыға келді. Демалуға шыққан балалар табыт пен құлыптастарды көреді”, – деп жазады Шувалов.

Қала басшысының айтуынша, мектеп жасына дейінгі балалар – қала жауапкершілігіне жататындықтан ол бұл мәселені өз бақылауына алған.

Бұл жазбаға пікір қалдырушылардың бірі балабақша мен жерлеу бюросының бір ғимаратта қызмет жасап жатқанына жылдан астам уақыт асып кеткенін айтыпты.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстандық имам ер адамдардың гинеколог болып жұмыс атқаруына қарсы шықты

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау