Ресейдегі төбелестен кейін комаға түскен қазақстандық боксшы қайтыс болды

Сейсенбі, 17 Мамыр , 2016 12:49

16 мамыр күні бас сүйек жарақаты салдарынан ессіз күйде жатқан Владислав Щукин көз жұмды.

725ac6cdbd4b0db99b5e0ca5e62cbc93

Сурет: superomsk.ru 

Қайтыс болған спортшы Қазақстанның тумасы. Алайда, соңғы кездері 19 жастағы боксшы Омбы қаласында тұрған.

«Қазір боксшының өлімінің негізгі себебін анықтайды. Оның әкесі Қазақстанда тұратындықтан және боксшының өзі де Қазақстан тумасы болғандықтан оның денесін Отанына жібереді. Барлық шығында Магадан облсының бокс федерациясы мойнына алады», – дейді Маган бокс мектебінің басшысы Перт Бурмистров.

Валерий Попенченко жүлдесіне мемориал-турнир кезінде ауыр жарақат алған 19 жастағы боксшы  Владислав Щукин 10 күн жасанды комада болды.  Жарыс алдында боксшы жан-жақты медициналық тексеруден өтіп, жарысқа рұқсат алған.

Мамандардың айтуынша, миындағы қанды ісік жарыстың бірінші күні не Магадандағы турнирге дейін болуы мүмкін. 16 мамырда омбылық боксшы ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған. Қаза болу себебі – ми жарақаты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар