Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде теңізге құлаған ұшақ жолаушыларының денесін табу құтқарушыларға қиындық туғызуда

Ресейлік Ту-154-тің апатқа ұшырауына лаңкестік себеп болуы мүмкін. Қазір Қара теңізде болған қайғылы оқиғаға байланысты түрлі болжамдар айтылуда. Сарапшылардың көбі әдейі ұйымдастырылған деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

mchs48_vs

Фото: НТВ

Дегенмен, әзірге апаттың нақты неден болғаны белгісіз. Оған сапасыз жанармай, ұшақтан шыққан ақау мен экипаждың қателігі де себеп болған деген де болжам бар. Ту-154-тегі қара жәшік әлі табылған жоқ. Ал құтқарушылар теңізден 11 адамның сүйегі мен ұшақтың 150-ден аса бөлшегін алып шыққан. Оқиға орнындағы іздеу шаралары жалғасуда.

Қара теңізде 4 мыңға жуық құтқарушы күні-түні жұмыс істеуде. Іздеу шараларына жүздеген техника жұмылдырылған. Алайда уақыт өткен сайын борттағы адамдардың денесі мен Ту-154-ті табу қиынға соғып барады. Себебі, ұшақ бөлшектері апаттан кейін 1 жарым шақырымға дейін шашылған. Әрі олар ашық теңізге кетіп қалуы да мүмкін.

Құтқарушылар әзірге 11 адамның сүйегі мен 150-ден аса ұшақ бөлшектерін тапқан. Бүгін олар Сочиден Мәскеуге жеткізілді. Енді, марқұмдардың денесі мен Ресейдің Қорғаныс министрлігіне тиесілі ұшақ қалдықтары сараптамаға жіберілмек.

“Ұшақ бортында болған жолаушылардың жақындарымен байланыс орнатылды. Қазір олармен арнайы мамандар жұмыс істеуде. Қара жамылғандар әсіресе психологтардың көмегіне мұқтаж”, – дейді Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Павел Попов.

92 адамның өмірін жалмаған апат себебі әзірге белгісіз. Қара теңіздегі қара жәшікті де, табу мүмкін болмай отыр. Дегенмен, қайғылы жағдайға қатысты түрлі болжамдар айтылуда. Көпшілік оны қасақана ұйымдастырылған лаңкестікке балады. Апатқа техникалық ақау мен экипаж қателігі де, себеп болуы мүмкін.

Тіпті, кейбірі кінәні сапасыз жанармайға таққан. Алайда бүгін Ту-154-ке құйылған сұйық отын жіті тексеріліп, одан ешқандай кінәрат жоқ екені анықталды.Әуе кемесінің өзі де тым ескі болған. Ол 33 жыл бұрын пайдалануға беріліпті. 2014 жылы жөндеуден өткен екен. Ал 3 ай бұрын жоспарлы техникалық тексеру жасалған. Экипажға да, биліктегілер кінә артқысы жоқ.

“Ту-154 әуе кемесін тәжірибелі маман басқарды. Роман Волков бірінші санаттағы ұшқыш. Ол әуеде 3 жарым мың сағаттық жолды жүріп өткен”, – деді Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков.

Ресей ұшағы жексенбіге қараған түні Мәскеу түбіндегі әуежайдан көкке көтерілген. Сөйтіп, жолшыбай Сочиге аялдап, жанармай құйып болысымен, Сирияға жетуі тиіс еді. Бірақ Адлер әуежайынан ұшқан кеме 2 минут өтпей радардан жоғалған. Сөйтіп, 7 минуттан кейін Қара теңізге құлапты. Ұшақта 8 экипаж мүшесінен бөлек, 84 жолаушы болған. Олардың көбі әртістер мен журналистер. Осы оқиғадан кейін бүгін Ресейде жалпыұлттық қаралы күн жарияланды. Жұрт алаңдарға шығып, марқұмдарды аза тұтуда. Отандастарымыз да кешеден бері Ресейдің еліміздегі консулдықтарына ағылып жатыр.

“Апат туралы хабар келгеннен-ақ, жан-жақтан хабарласа бастады. Қазақстандықтар консулдыққа көптеп келді. Жұрт Ресеймен бірге қайғыруда. Алғыс айтамыз”, – дейді Ресейдің Алматы қаласындағы консулы Ирина Переверзева.

Бір сәтте 92 азаматынан айырылған Ресейдің қайғысына күллі әлем ортақтасуда. Петерборға сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Ту-154 ұшағы Сириядағы Хмеймим базасына аттанып бара жатқан. Ұшақта негізінен әншілер мен әртістер, журналистер болды.

Осыған дейін Александров ансамблінің солисі Вадим Ананьевтің ұлының дүниеге келуінің арқасында әуе апатынан аман қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ұшаққа мінбей апаттан құтылғандардың ішінде халық әртісі Илсиф Кобзон да бар.

Ал апаттан көз жұмғандардың арасында әйгілі «Любэ» тобының әншісі де бар екен.

Оқи отырыңыз:

Чехия президенті халқына Жаңа жылда қауіпке толы өмір тіледі

Үндістанда әйелді өліге санап Ганг өзеніне ағызып жіберген, бірақ оны балықшылар құтқарып қалған

Етеккірі келгендіктен туыстары сарайға қуып жіберген қыз көз жұмды

Австралияда 11 жастағы бала 6 жасар туған інісін зорлап тастаған

Талқылау