Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде шампан мен сыра, пияз қосылған балмұздақтар шығара бастады

Ресейде құрамында бекон, пияз және сырасы бар, одан өзге де қосымша дәмдеуіштер қосылған балмұздақ шығара бастады.

1520 (1)

Сурет: www.lacannelle.ru 

Жаңа балмұздақтың дәмін 24 маусым мен 10 шілде аралығында өтетін «Мәскеу балмұздағы» байқауында татып көруге болады.

Мәскеуліктер мен қала қонақтар бекон қосылған пломбирдің, халуадан, көк шайдан, картоп пен қуырылған пияздан жасалған балмұздақтар дәмін татып көре алады. Олардың ішіндегі күрделі жасалғандары Владимир Маяковский, Мэрилин Монро, Дарт Вейдер сынды тұлғалардың суретімен шыққан портреттік балмұздақтар.

Мәскеудің сауда және қызмет департаменті жетекшісі Алексей Немерюктың айтуынша вафли қаттамасындағы 100 грамм балмұздақ бағасы 80 мен 140 рубль аралығында. Ал, авторлық балмұздақтардың бағасы 180 мен 240 рубль аралығында екен.

Байқау аясында мәскеуліктер орхидея тамырынан жасалған сағыз сынды сириялық балмұздақтардың да дәмін татады.

Сатушылар қонақтарды қара сыра, шампан және крем араласқан түймедақ, құлпынай, шайшөп, жалбыз шөптерінің дәмімен жасалған балмұздақтармен таң қалдырмақшы. Вегандарға арналған десерттер күріш не балқарағай сүтімен дайындалған. Спортшыларға арналған балмұздақтар белокқа бай. Мұндай балмұздақтар қанты аз және төмен калориялы болып келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Шведтер алкогольді балмұздақтың таралуына қарсылық танытты

Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ жасамақ

Бие сүтінен жасалған балмұздақ пайдалы деп табылды

Талқылау