Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде павлодарлық рэперді өлтірген адам 6,5 жылға сотталды

Қазақстандық танымал рэп орындаушысы мен оның продюсері арасындағы дау төбелеске жалғасып, салдарынан музыкант қаза тапқан.

тимс

Сурет әлеуметтік желі

Бұл туралы Наша версия на Неве басылымы хабарлайды.

Бір жыл бұрын Василеостровская аудандық прокуратура Иван Зыряновты адам өлтіру фактісі бойынша айыпты деген қорытындыға келді. Тергеу нұсқасына қарағанда, 2015 жылы ақпан айында Зырянов жақсы танымайтын адамдармен бірге отырып ішімдік ішкен. Пәтерде музыка қатты ойнағанына байланысты арада дау туған. Зырянов танысына пышақ сұғып, жапа шегуші оқиға орнында көз жұмды.

Ажал құшқан 24 жастағы Эльдар Мұратов Павлодар қаласында туған. Рэп орындаушысы eL’nix деген лақап атпен өнер көрсеткен. Ол Санкт-Петерборға байқауға қатысу үшін барған. 31 жастағы Иван Зырянов оның продюсері болған. Эльдар Мұратов байқауға дайындалып жатқан, әрі Зыряновтың айтуынша күні-түні жұрттың мазасын алған.

Дау шыққан кезде Зырянов пышақ ала жүгірген, өйткені Эльдар шығыс жекпе-жегімен айналысқан жан-жақты адам болған.

Ресейлік адам өлтіргенін мойындады. Прокуратураның хабарлауынша, енді ол 6,5 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтейді.

Талқылау