Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде мұғалім порноиндустрия үшін жұмысын тастаған

КубГУ-дың бұрынғы оқытушысы Александра Н. ақша жетіспеушілігінен шаршап, ақыры өмірін басқа арнаға бұруға бел байлаған. Краснодардағы университетте бірнеше жыл ағылшын тілінен дәріс берген мұғалім, порноиндустриядан бір-ақ шығыпты.

328320

Сурет GLOBAL LOOK press/st4

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

“Мамандық бойынша мұғаліммін және ағылшын тілін еркін меңгергенмін. Ал мына жұмыс үшін де маған ағылшынша жақсы білу қажет. Ұстаздар жалақыны өте аз алады”, – дейді ол.

Александраның жаңа жұмысы интернет арқылы жүзеге асады. Ол өзінің клиенттерімен веб-камера арқылы жұмыс істейді. Бұл байланысқа ақы төлеген кез-келген адам қосыла алады.

“Бәрі сәті түскенге, қандай адам жолығатынына байланысты. Әртүрлі ұсыныстар бар. Сайтқа кіретін болсаңыз, неше түрлі адамды көресіз. Егер, біреуі ұнап қалсаңыз, онымен сөйлесіп жеке чатқа шыға аласыз. Әрине, бұл байланыс үшін төлейсіз. Онда жұмыс істейтін әрбір модель өзі үшін арнайы баға белгілеп қойған. Бәрі доллардың курсына тікелей қатысты. Егер, жалқауланбасаң айына 200 мың табуға болады”, – дейді бұрынғы ұстаз.

Александра 2013 жылы Кубан университетінің герман филологиясы факультетін бітірген. Ол өте белсенді студент болып, бітіргеннен кейін де сол университетте мұғалім болып қалған. Екі жыл жұмыс істегеннен кейін, ол жеңіл жолға түсіп кете барды.

Талқылау