Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде құрбылары ұрған жасөспірім қыз шағымын полиция қабылдамаған соң өз-өзін өлтірген

Ресейде 12 жасар тұрғынның өліміне қатысты “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім қызды құрбылары намысқа тиіп қорлап, ұрған. Алайда полиция арызды қабыл алмағаннан кейін қыз бес қабатты үйдің шатырынан құлап қайтыс болған.

suicide_2

Сурет ibirzha.kz

Бұл туралы ura.ru хабарлайды.

12 жастағы Оксана (аты-жөні өзгертілді) екі апта бұрын үйіне келіп анасына өзін ұрып кеткенін айтады. Қыздың сөзінше, 14 жастағы Диана мен достары мұны көшеде ұстап алып, мазақ етіп қол жұмсаған.

“Бірнеше бала оны ұстап тұрған, ауызына спирттік ішімдік құйып, ұрған. Диана өзі сондай қыз, кішкентайларды қорлайды, кім онымен келіспесе соның сазайын береді. Ол біраз уақыттан бері полиция есебінде тұр”, – дейді қайтыс болған қыздың отбасының жақындары.

Оксананың анасы қызын ертіп полицияға шағым түсіруге келеді. “Бірақ қыз оқиғаны шатастырады: анасына басқаша, ал полицияға басқалай айтып береді. Сосын оларды үйлеріне қайтарған”, – дейді туыстары.

Келесі күні кешкілік Оксананы бес қабатты үйдің жанынан тауып, “жедел жәрдеммен” ауруханаға жеткізген. Қыз ата-анасына арнайы жазба қалдырып кетіпті: “Әке, ана кешіріңдерші, мен сіздердің мен үшін ұялғандарыңызды қаламаймын”. Қыз екі апта бойы ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер оны қайта өмірге алып келе алмай, ол сол күйі қайтыс болады.

“Оны ешкім де ұрған жоқ, оған ештеңе де болмаған. Біз бұл жағдайды бірден тексердік. Өлім алдындағы жазбасында ол ешкімді кінәламайды. Жалпы отбасының жағдайы жақсы. Бұл бізді қатты таңқалдырды”, – дейді полиция басқармасының басшысы Владимир Шкаев.

Оксана “ВКонтакте” желісінде “суицидке” қатысы бар топтардағы адамдармен жиі араласқан көрінеді. Әзірге бұл ақпарат та нақты расталмаған.

Талқылау