Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейде көз жұмған қазақстандық студенттің жақындары оның өзіне қол салғанына сенбейді

МГУ жатақханасында өлі күйінде табылған қазақстандық жігіт Темірлан Кіребаевтың өлімі тексеріліп жатыр. Жақындары оның өзіне қол салғанына сенбейді, деп хабарлайды КТК.

Алдын ала болжам бойынша, жігіт галстугін есікке байлап, соған асылып қалған. Топтастары Темірланның талантты, білімді болғанын айтады. Бірнеше олимпиадада жеңімпаз болғанын айтты. Курстастары да, жақындары да Темірланның өзіне қол салғанына сенбейді.

“Бұл өлімге не себеп болғанын білмеймін. Оның біраз сабағында қиындық болып жүргенін білем, бірақ ол бәрінің басындағы жағдай. Ол үшін өзіне қол салады деп ойламаймын”, – дейді химия факультетінің студенті Владимир Лепин.

23 жастағы жігіттің денесі жатақханада табылды. ҚР СІМ өкілі істің мән-жайын түсіндірген еді. Айтуынша, егер іс өзіне қол жұмсау деп дәлелденсе, қылмыстық іс қозғалмайды.

Ал, марқұмның жақындары Темірланның көтеріңкі көңіл-күйде жүргенін, болашаққа жарқын жоспарлар құрып жүргенін айтады.

“Бәрі жақсы деп жүрді. Соңғы курста оқып жүрді. Бәріне риза болды Оның өзіне қол салғанына мүлде сенбейміз”, – дейді ағасы Тәуекел Кіребаев.

Темірлан желіде де болашақтағы жоспарлары жайлы бөлісіп отырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәскеуде қазақстандық жас химиктің асылып қалып көз жұмғанын хабарлаған едік.

Бұған дейін де Ресейде оқып жатқан Томирис Байсафа есімді қазақстандық бойжеткен көз жұмған еді. Томиристің университ терезесінен құлап кеткені айтылды. Істе бірнеше тергеуші ауысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр