Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде киіз үйден тұратын қонақ үй саяхатшыларға қызмет етуде

Ресейдің Нижнегородской  облысында  киіз үйден тұратын қонақ үй қалашығы салынған. Бұл туралы  Ресейде белгілі блогер Анна Вингурт хабарлайды.

үй6

«Бұл Қазақстан емес. Біз Нижегородской облысына қарасты  Борском ауданындамыз. Әрине, көрген адам олай ойламасы анық»,-деп жазға блогер.

үй5

Осыдан кейін Анна өз жазбасында идея авторлары жайлы айтады.

« Мұндай бастаманы  Алексей және Павел есімді екі  офицер қолға алған. Олар Қазақстан тумасы»,-дейді Анна.

 

үй1

Белгілі болғандай бұл  жылы үйлер киіз бен  қамыс қоспасынан жасалған. 23 шаршы метрлік киіз үй күнделікті тұруға арналған. Ал 73 шаршы метрді алып отырған киіз үйдің ішінде 60 адамға арналған мерекелік кештерді өткізуге болады.

 

үй2

«Алексей  жасару  процедураларын жасауға  арналған чанды  (орыс моншасы) қалай қыздыру керектігін көрсетті. Артынша өзі әзірлеген палауды дастарханға қойды.  Палауға өзі бағып отырған қойдың еті қосылған. Оның фермасында 500 бас қойы бар»,-деп жазған Анна Вингурт.

үй4

үй3

 

үй

Айтакетерлігі киіз үйден тұратын қонақ үйге турфирмалар саяхатшыларды апарып, түрлі мейрамдарды сонда тойлатып жатыр екен.

 

 

 

Талқылау