Ресейде киіз үйден тұратын қонақ үй саяхатшыларға қызмет етуде
Ресейдің Нижнегородской облысында киіз үйден тұратын қонақ үй қалашығы салынған. Бұл туралы Ресейде белгілі блогер Анна Вингурт хабарлайды.
«Бұл Қазақстан емес. Біз Нижегородской облысына қарасты Борском ауданындамыз. Әрине, көрген адам олай ойламасы анық»,-деп жазға блогер.
Осыдан кейін Анна өз жазбасында идея авторлары жайлы айтады.
« Мұндай бастаманы Алексей және Павел есімді екі офицер қолға алған. Олар Қазақстан тумасы»,-дейді Анна.
Белгілі болғандай бұл жылы үйлер киіз бен қамыс қоспасынан жасалған. 23 шаршы метрлік киіз үй күнделікті тұруға арналған. Ал 73 шаршы метрді алып отырған киіз үйдің ішінде 60 адамға арналған мерекелік кештерді өткізуге болады.
«Алексей жасару процедураларын жасауға арналған чанды (орыс моншасы) қалай қыздыру керектігін көрсетті. Артынша өзі әзірлеген палауды дастарханға қойды. Палауға өзі бағып отырған қойдың еті қосылған. Оның фермасында 500 бас қойы бар»,-деп жазған Анна Вингурт.
Айтакетерлігі киіз үйден тұратын қонақ үйге турфирмалар саяхатшыларды апарып, түрлі мейрамдарды сонда тойлатып жатыр екен.