Ресейде келіншектің қымбат сақинасын құрбысы ұрлап алған

Жексенбі, 27 Желтоқсан , 2015 18:19

Ресейдің Краснодар өлкесі, Белореченский ауданы, Родники кентінің тұрғыны жоғалғанына екі жыл өткен соң, әлеуметтік желіге фотосуретін қойған танысының қолынан өз алтын жүзігін танып, оны сотқа берді.

b945457428254aac30cc6ceff74b3a9c

Бұл туралы «КП» басылымы хабарлайды.

Екі жыл бұрын жаз айында сақинасын жоғалтқан келіншектің үйіне құрбысы Маргарита Тоскина келген. Бірақ, қонағы кеткеннен кейін ол құны 75 мың рубль (348 мың теңгеден астам) тұратын алтын жүзігін таба алмай қалады.
Әйел жүзіктің жоғалғанын өзінің салақтығынан көріп, қатты сарсылып іздемеген. Таяу күндері Тоскина мақтанып әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүзікті көрсеткен фотосын жариялаған.

Фотоны құрбысы көріп, бұл жайында полицияға жүгінеді. Жүзікті иесіне қайтарған Тоскина ұрлығы үшін енді сот алдында жауап беретін болды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар