Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Қазақстанның жеті азаматы ЖКО-ға түсіп, бесеуі қайтыс болды

28 қараша күні Ресей Федерациясының уақытымен сағат 13:00-дің шамасында Орынбор облысы, Елшанка ауылының маңында ЖКО орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

“Оренбург—Соль—Илецк” автожолының елу екінші километрінде “Ман” маркасының жүк көлігімен “Фольксваген Шаран” автокөлігі соғысты. Жеңіл көлікте Қазақстанның жеті азамат отырған. Авария орнында бес адам бірден қайтыс болып, екеуі Соль-Илецк қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Мәліметтер бойынша, қайтыс болған адамдардың үшеуі Ақтөбе обылсының, ал екеуі Қызылорда облысының тұрғындары.

Талқылау