Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қаза болған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

Ресейдің Владимир облысында пойызбен соқтығысқан автобуста болған қазақстандық жүргізушілердің аты-жөні белгілі болды. Бұл мәліметті Ресейдегі Қазақстан елшілігі жариялады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Оңтүстік Қазақстан облысынан барған автобустың екі жүргізушісі Қазақстан азаматтары екені белгілі болды. Олардың біреуі 47 жастағы Данияр Шілдебаев. Екіншісі 40 жастағы Нұрғали Сарманов аман, ол Покров қаласына жеткізілген.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша 6 қазан сағат 3.30-да Владимир облысы Покров станциясы ауданында жолаушылар автобусы Санкт-Петербург – Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысты.

Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автобус 55 Өзбекстан азаматын тасымалдаған. 6 қазанға қараған түні трассадағы кептелісті айналып өтіп, темір жол өткелінде қызыл түске жүрген автобус сынып тоқтап қалады.

Жүргізуші келе жатқан пойызды көріп, айқайлап жіберген, 34 жолаушы атып шығып, автобусты итере бастайды. Бірақ пойыз тоқтап үлгермей, автобусқа соғылады.

Соңғы мәліметтер бойынша автобус ішінде болған 18 адам қаза тапты. Жүгіріп шыққандар аман қалды.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Талқылау