Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде екінші қабаттан аяғын шығарып күнге қыздырынатын әйел көршілерінің ашуына тиген

Ресейдің Новосібір қаласында әйелдер көршісінен әбден мезі болғанын айтып шағымдануда. Көрші әйел екінші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі аяғын шығарып тастап, күнге қыздырынады екен.

7aff0c2adf6273

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Әйелдер бұл әрекеттің жасалғанына өте наразы. Өйткені, төменде балалар жүреді дейді. Ал полиция болса бұл жағдайда ешқандай сотқа сүйрейтіндей тәртіп бұзушылық көріп тұрған жоқпыз дейді.

Ол күн сайын сағат 10-13 аралығында екі аяғын сыртқа шығарып қойып, күнге қыздырады екен. Тек ішкиіммен ғана аяқтарын шығаруы ыңғайсыздық тудыратынын, көршілер айта-айта шаршаған.

ыы4141

Бұл көпқабатты үйге балалар шығармашылығы үйі жақын орналасқан. Сол себепті өтіп бара жатқан балалар бұл оқиғаға күн сайын куәгер болуға мәжбүр.

Талқылау