Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде екі әйел ішімдіктен уланып өлді

Ресейдегі Петропавловск-Камчаткада екі әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша, олар  алкогольден уланған.

dsc02592_copy

 

Аталған факт бойынша РФ ТК аймақтық басқармасы  процессуалдық тексеріс жүргізеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

36 және 45 жастағы әйелдердің мәйіттері Панфилов көшесі бойындағы үйлердің бірінен табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы болды.  «Пәтерден бөтелкелер табылды. Болжам бойынша, онда спирттік ішімдік болған.  Тергеушілердің пікірінше, әйелдер ішімдіктен улануы мүмкін.  Ол процессуалдық тексеріс кезінде анықталмақ», – деді тергеу басқармасының өкілі.

Талқылау