Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде еден жуушы «Алёнка» шоколатындағы өзінің суреті екенін айтып, 3 млн доллар талап етуде 

Әйелдің айтуынша, фоторепорерлар оны 3 жасында анасымен қыдырып жүрген жерінде суретке түсіріп алған.

40873c6bca5776

Сурет: tjournal.ru 

Ресейдің Чита қаласының тұрғыны 50 жастағы Елена Анасина «Красный октябрь» компаниясынан шоколад қағазына өзінің бала күнгі суретін салғаны үшін 3 миллион доллар өтемақы тала етуді.

«Бала кезімде анаммен келе жатып, фоторепортердың бізбен кездесіп мені суретке түсіріп алғаны есімде. Ал, олар анама менің суретімнің “Красный октябрь” шоколатының қағазына шығатынын айтқан екен», – дейді Елена.

Арада 47 жыл өткен соң ол кондитерлік өндіріс басшылығына осындай талабын айтты. Оның айтуынша, танымал шоколад қағазындағы адам жұпыны өмір сүруге тиісті емес. Тіпті, айтқанын дәлелдеу үшін барлық сараптамадан өтуге дайын екенін де айтады.

Алайда, кондитерлік фабрика өнімдегі суреттің ойдан салынғанын, суретшінің оны нақты бір адамды емес, жиынтық образ ретінде салғанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда ер адам баланың өмірі үшін 3 миллион теңге талап еткен

Талқылау