Ресейде Durex мүшеқаптарын сатуға тыйым салынды

Жұма, 17 Маусым , 2016 8:53

Денсаулық сақтау саласын қадағалайтын федеральдық қызмет Ресейде Durex мүшеқаптарының сатылуына тыйым салды.

бьбь

Сурет vesti.ru

Ресей денсаулық сақтау басқармасы бұл шешімді компанияның қажетті сараптама жасамауынан және тіркеу кезіндегі проблемаларға байланысты деді.

“Компания таныстырған өнім Ресейде тіркелмеген. Заңнамаға сәйкес медициналық өнімдер техникалық, токсикологиялық сараптама мен сынақтан өтуіт тиіс”, – деді сала басшысы Михаил Мурашко.

Ол егер британиялық компания тіркеу процедурасынан өтетін болса қайтадан ресейлік нарыққа орала алады дейді.

“Компания заңдық талаптарды сақтауы тиіс. Бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. Бұл көпке әсер ететін болғандықтан, резонанс тудыруда”, – деп атап өтті денсаулық сақтау саласының басшысы. Мурашко қазіргі таңда нарықта мүшеқап жетіспеушілігі жоқ екенін де айтты.

“Елімізде 60-тан астам атаумен мүшеқап сатылымда бар. Сол себепті еш жетіспеушілік туындамайды. Бұл тек сауда маркаларының біреуі ғана”, – деді Мурашко.

Durex — 1929 жылдан бері мүшеқап шығарып келе жатқан сауда маркасы. Бренд Reckitt Benckiser компаниясының еншісінде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар