Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде дәрігерлер 9 жасар баланың кеудесінен есік тұтқасын ота жасап алып шықты

Ресейдің Свердлов облысында №1 облыстық балалар клиникалық ауруханасында хирургтер тоғыз жасар баланың кеуде қуысынан есік тұтқасын алып тастау үшін ота жасады.

Тергеу ақпаратынша, бала мектепте сыныптастарымен ойнап жүргенде есіктің темір тұтқасына соғылған, ал оның бір бөлшегі баланың кеудесінде қалып қойған.

Бала ауруханаға жеткізіліп, рентген жасалған соң оның кеудесінде ұзындығы 10 см, ені 2 см болатын есік тұтқасының бір бөлігі қалып қойғаны анықталды.

Тұтқа жүрек пен өкпеге тимегендіктен, дәрігерлер баланың өмірін құтқарып қалды.

Атап өтейік, қазір бала ота жасалғаннан кейінгі кезеңде емделіп жатыр. Оның жағдайын ақ халаттылар «қанағаттанарлық» деп бағалады.

Талқылау