Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде дәрігерлер 150 келі тартатын ер адамды ауруханаға апару үшін құтқарушылардың көмегін сұраған

Мәскеуде дәрігерлер қызмет бабында ойда-жоқта төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының көмегіне зәрулік танытқан.

722311

Бұл туралы “Москва” агенттігі хабарлайды.

Салмағы 150 келі тартатын ер адамды ауруханаға апару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған. Оны көлікке отырғызуға дәрігерлердің шамасы жетпеген. Ақыры министрлікке хабарласып, көмек сұраған.

2015 жылы қазан айында да Мексика тұрғыны Андрэс Мореноны да ауруханаға жеткізу үшін 7 адам көмекке келген еді. Салмағы 435 келі болатын Морено өз бетінше жүріп-тұра алмаған.

Мұндай жағдай Қостанайда да болған еді. Салмағы 350 келі болатын қостанайлық 39 жастағы Галина Воробьева арнайы құтқару қызметі өкілдерінің көмегімен медициналық мекемеге жеткізілген болатын.

Талқылау