Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Бэтменнің костюмін киген ер адам көпқабатты үй терезесінен секіріп кетті

Ресейдің Саран қаласындағы көпқабатты үй жанынан үстіне Бэтменнің костюмі мен бетпердесін киген ер адамның денесі табылды.

b_1095559e7477299e5bfce4a020a682dd

Сурет newsforbreakfast.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бұл ақпаратты қаланың құқық қорғау органдары да растап отыр. Денені зерттей келе оның биіктен құлағаны анықталған.

“Қайтыс болған адамның тұлғасы анықталды. Ол көпқабатты үйде тұратын 51 жастағы ер адам. Алдын-ала дерек бойынша, ол өз-өзін өлтіруге бел байлаған,” – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Суицидтің себептері анықталып, қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Тергеушілер оның туыстары мен таныстарынан сұрау алып жатыр.

Талқылау