Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде банкомат 1 мың рубль орнына 5 мың рубль беріп келген

Ресейдің Омбы қаласының тұрғындары кездейсоқ 2,5 миллион рубльге байып шыға келді. Бұған себеп, қаладағы банкоматтардың бірінің техникалық тұрғыда дұрыс жұмыс істемегені.

280827-nosete-kesh-ako-odite-vo-grcija-bankomatite-se-prazni

Сурет www.sitel.com.mk сайтынан алынды.

Қазіргі уақытта банкоматтан ақша ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Банкомат бұзылып тұрғанына байланысты 1 мың рубльдің орнына 5 мың рубльдің ақшаларды шығарып отырған. Тұрғындар кездейсоқ тапқан қаражатын саналы түрде өз қалауына жұмсап жүре берген.

Қаржы-кредит ұйымының мәліметінше, Калачинск қаласының 39 тұрғыны банкоматтан осылайша артық мөлшерде ақша алған. Тек бір тұрғын ғана өзінің артық сома алғанын айтып, банкке өткізген. Оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған. Барлығы банкоматтан 2,5 миллион рубль шығын шыққан.

Талқылау