Ресейде аюға ұқсайтын ерекше төбет табылды (фото)

Ресейдің Челябинск қаласындағы жануарларды уақытша ұстау орынына жаңадан әкелінген төбеттің суреті ғаламтор желісінде кең тарап, желі қолданушыларын таңдандырды. Ерекше төбет аюға ұқсайды. Сондықтан желі қолданушылары оны «аютөбет» атады, деп хабарлайды Stan.kz.

Төбеттің түрінің ерекшелігі сондай, кейбір желі қолданушылары оны аюмен шатастырған. Тіпті, оны босатуларын да сұрап жатты.

Желі қолданушылары төбеттің ерекшелігінің себебін іздеп бас қатырды. Кейбірі оны аю мен төбеттің шағылысуынан пайда болған деген пікір қалдырған.

Жануарларды уақытша ұстау орнының иелері төбетке өзіне лайық Потапыч деген ат беріпті. Көпшілік төбетті асырап алмақ ниетін білдірді. Десе де еріктілер төбеттің көшеден тауып әкелінгендіктен, адамдарға үйренісуі үшін біраз уақыт керек екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Америкалық досының қайтыс болуына сеп болған трюкті қайталады (видео)

Әлемдегі ең кәрі адам 113 жасқа толған туған күнін атап өтті

Америкалық әйел бір мезетте 6 баланы дүниеге әкелді (видео)

Үндістанда 15 жастағы бозбала ағасының 25 жастағы жесіріне үйленуге мәжбүр болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар