РФ-ның әскерін құтқарған Қазақстанның тумасын Момышұлы орденімен марапаттамақ

Жұма, 15 Сәуір , 2016 17:53

Жарылғыш гранатаны жауып, Ресейдің әскери қызметкерін құтқарған Қазақстанның тумасы Серік Сұлтанғабиевті Бауыржан Момышұлы орденімен марапаттайды.

10481234

Сурет: РИА Новости

Бұл туралы РФ Свердлов үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

Орден Ресей батыры, РФ ІІМ ішкі әскер полковнигі Серік Сұлтанғабиевке 16 сәуір күні табыс етіледі.

Орденнің ҚР парламент мәжілісінің депутаты ҚР ҚК ардагерлер ассоцияциясының төрағасы, Қазақстанның халық батыры, генерал лейтенант Бақытжан Ертаев табыстайды.

Сайттың мәліметінше, бұл орденмен әскери қызметте батырлығымен көзге түскендерді, әскери міндетін орындағандарды марапаттайды.

Аталған оқиға 2014 жылдың 25 қыркүйегінде Свердлов облысында болған. Атыс жаттығуы кезінде кіші сержанттың гранатасы құлап кеткен. Полковник сол сәтте оны итеріп, гранатаны қақпайлады. Өзі ауыр жарақат та алған. Кіші сержант зардап шекпеген. Ал, Сұлтанғабиев бірнеше рет ота жасатқан.

2015 жылдың желтоқсан айында Ресей президенті Путин Серік Сұлтанғабиевті Ресей батыры орденімен марапаттаған.

Сұлтанғабиев Қазақстанның тумасы. Ол Қостанай облысының Введенка ауылында туып-өскен.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда полковник  граната жарылған сәтте  сарбазды құтқарып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар