Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде Қазақстан азаматы болуы мүмкін

Бүгін Ростов-на-Донуде апатқа ұшыраған  Boeing-737-800 ұшағының ішінде қазақстандық азамат болуы мүмкін.

image

Бұл туралы “Ресей жаңалықтары” хабарлайды.

Ростов-на-Дону лайнерінің командирі Греция азаматы болған екен. Командирден бөлек ұшақ бортында Қазақстан, Ресей, Колумбия, Сейшель арадарының бір-бір азаматы мен испаниялық бір жолаушы болған. Алайда бұл ақпаратты ҚР СІБ әзірге растаған жоқ. “Біз бұл ақпартты тексеріп, болған жағдайдың бүге-шүгесін анықтап жатырмыз”, – дейді ҚР СІБ баспасөз қызметі жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін апатқа ұшыраған ұшақтың бортында бір Өзбекстан азаматы, үш Украина және екі Үндістан азаматы

Оқыс оқиға 19 наурызда Астана уақытымен сағат 6:50 шамасында болған. Ұшақ әуежайға бірінші реттен қона алмай, екінші рет әуеде айналып келеді. Осы сәтте оқыс оқиға болады. Әуеде қирап, артынша жерге түскенде өртке оранған. 55 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі апаттан кейін көз жұмған. Әзірге апаттың себебі анықталып жатыр.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін Ростов-на-Дону әуежайының үстінде «Боингтың» апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау