Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ – ҚР СІМ

Бүгін, наурыздың 19-ы күні Ростов-на-Донуде апатқа ұшыраған  Boeing-737-800 ұшағының ішінде Қазақстан азаматтары жоқ болып шықты.

samolet_aeroport_aviaciya_2560x1600

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Алдын ала ақпаратқа сәйкес апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болған жоқ. Бірқатар БАҚ-та экипаж мүшелері арасында Қазақстанның азаматы немесе тумасы болғандығы  жайында ақпарат тарады. Бұл мәлімет қазіргі уақытта тексерілуде», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов

Сонымен қатар ол нақты мәліметтер алынғаннан кейін қосымша ақпарат берілетіндігін атап өтті.

Айта кетейік, Дубайдан ұшып келе жатқан Boeing 738 жолаушылар ұшағы Дондағы Ростов қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының сол жағында құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 3:40-та орын алған. Әуе кемесінің бортында 61 адам болды (55 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі). Жолаушылардың арасында төрт бала бар.

Естеріңізде болса Ресейде апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау