Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде анасын қорғаған 13 жастағы қыз мас әкесінің өліміне себепші болды

Ресейдің Ростов облысында 13 жастағы қызды әкесінің өліміне қатысты деген күдікпен ұстады. Тергеуге дейінгі мәліметтер бойынша, қыз анасын мас әкесінен қорғамақ болып, қолына пышақ алған.

пка

Сурет legalmap.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Тергеу мәліметтері бойынша, 2016 жылдың 22 сәуірінде шамамен сағат 23-те 13 жасар қыздың ата-анасының арасында жанжал туындап, әкесі анасына қол тигізген. Анасын қорғамақ болған жасөспірім қолына пышақ алып, әкесіне сілтеген. Жәбірленуші емдеу мекемесіне жеткізілді, онда медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, көп ұзамай көз жұмды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қыз ата-анасымен бірге жекеменшік үйде тұрып келген. Биылғы жылдың наурыз айында әкесі бас бостандығынан айыру орнынан оралған. Көршілердің айтуынша, бұл үйде ұрыс-керіс жиі болып, әкесі спирттік ішімдікті көп ішетін болған.
Қазіргі кезде ер адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Талқылау