Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде анасы баласының “көңілді” жүруі үшін оған арақ ішкізген

Новокузнецк қаласының соты 26 жастағы келіншекке үкім шығарды.

8585

Бұл туралы Vesti.ru хабарлайды.

9 жастағы бала ұялы телефон ұрлап кетіп, құқық бұзушы кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау орталығына түскен.

Баламен сөйлесу кезінде полиция қызметкерлері анасының баласымен бірге арақ ішкені анықталады. Дәрігер-наркологтардың тексеруінен өткен бала алкогольге тәуелділік бойынша есепке алынған.

Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор әйелді ата-ана құқығынан айыру үшін әкімшілік материалдарды жинап, әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Тексеру барысында әйелдің алғаш рет ұлына 8 жасқа толған кезде арақ ішкізгенін анықтайды. Тергеу кезінде ол ұлын “суық тиюден” емдеу үшін осындай әрекетке барғанын айтыпты.

Сосын ол баласына сыра, арақ беріп, баласын “көңілді” етуге тырысқан. Нәтижесінде бала алкогольге тәуелділікке ұрынып, анасымен тұрақты түрде ішімдік ішіп тұрған.

Сот әйелді екі жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруде бақылау күшейтілді

Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Талқылау