Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Алтай құрылысшылары экскаватормен футбол ойнады (видео)

Барнауылда «Алтай құрылыс-2016» көрме-жәрмеңкесінде ерекше сайыс өтті. Экскаватор тізгіндеген жүргізушілер футбол ойнап, арнайы техниканы меңгеру шеберліктерін паш еткен.

в

18-20 мамыр күндері Алтай өңірінің астанасында өтіп жатқан шара барысында «Экскаваторлар шайқасы» атты техно-шоу ұйымдастырылды.

Байқауда бақ сынауға бел буған төрт жүргізуші экскаваторларымен футбол ойнады.

Кейін жуан бөренеге экскаватор шөмішімен шеге қағып, ілгектегі бас киімді іліп алды.

Бұған қоса су толы шелекті іліп алып, бір айналым жасап, шашпай-төкпей орнына әкеп қойды.

Жарыстың мұндай түрі былтыр бастау алды. Өткен жылы Сібірдің жол қызметкерлері федеральды тас жолды жөндеу учаскесінде ерекше сайыс ұйымдастырған еді. Новосібір, Омбы, Кемерово және Томск қалаларынан жиналған командалар грейдерлермен футбол ойнаса, жүк тиегіштер баскетболдан тартысқа түсті. Ал самосвал жүргізушілері мәнерлеп сырғанаудан сынға түскен.

Талқылау