Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 9 жасар бала суға батқан досын құтқарамын деп өз өмірін қиды

Ресейде 9 жасар бала мұздың астына түсіп кеткен досын құтқарып қалу үшін өз өмірін қиған.

svsv

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Қайғылы оқиға 4 қараша күні болған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екі бала кішкентай аралға дейін мұз үстімен барған.

Ал олар кері қарай қайтып келе жатқанда мұз күтпеген жерден ойылып кеткен. 9 жастағы Кирилл досын құтқарамын деп қимылдап, өзі суға түсіп кеткен.

“Кирилл бәрібір досының шығуына көмектесті. Өкінішке қарай өзі мұз астына түсіп кетті. Оқиғаны бақылап тұрған балықшылардың ешқайсысы екі балаға көмектесуге әрекет жасамаған”, – деп хабарлады дерек көзі.

Әзірге суға түсіп кеткен баланың денесін іздеу операциясы жалғасуда.

Талқылау