Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 7 жасар бүлдіршін үйінен 230 мың рубль алып шығып, балаларға таратып жіберген

Ресейдің Челябі облысындағы полицейлер өзгеше оқиғаны тергеуде. Кыштым қаласында 7 жасар бала үйінде ата-анасы жоқ кезде киім салатын комодтан бірнеше бума ақша тауып алған.

article1356

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Кейін оның анасы онда көлік сатудан түскен 400 мың рубль жатқанын хабарлады. Ұл бала әуелі небәрі бір мың рубль алып, оны оңды-солды «тамаққа» жаратқан, делінген ІІМ-нің Челябі облысы бойынша МБ-нан. Бұл ақшаның қалғанын бүлдіршін үйдің ауласындағы құмсалғышта ойнап жүрген өзге балаларға таратып жіберді.

Одан кейін үйіне қайтып оралып, тағы бір бума ақшаны алып, қайтадан балаларға таратқан. Одан кейін, ата-анасынан қорқып, қалған ақшаны үйінің маңында орналасқан батпаққа лақтырып жіберді.

Ақыры «қолы ашық баланың» анасы үйіне оралғанда, шамамен 230 мың рубльді таба алмады.

Ол 32 мың рубльді батпақтан алып шыға алды, кейбір соманы ақша таратылған балалардың есті ана-аналары қайтарып берген.

Алайда ондай адамдар көп болған жоқ: 100 мың рубльді қайтару қиынға соғып отыр

Талқылау