Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 4 жасар қызды бауыздап өлтірген әйел “жындыханаға” ауыстырылды

Мәскеуде бала күтуішісі болып қызмет етіп жүріп үйінде жалғыз қалған 4 жасар қызды өлтірді деп айыпталған өзбекстандық Гүлчехра Бобокулова уақытша ұстау изоляторынан ауруханаға ауыстырылды.

57

Сурет Григорий Сысоев

Әйелдің «Печатник» түрмесінен “Бутырка” түрмесінің психиатриялық абақтысына ауыстырылып, дәрігердің қарамағында болуы туралы шешім шығарылды.

4 наурызда Өзбекстанның ІІМ Ресейдің тергеу комитетіне Гүлчахра Бобокулованың 2003 жылдан бері Самарқан облысының психоневрологиялық диспансерінде тіркелгені жөнінде құжаттарын өткізген еді. Және сол күні күдікті әйелдің 19 жастағы ұлы 15 тәулікке қамалған болатын. Бейресми мәліметтерге сүйенетін болсақ, жергілікті лаңкестер оны Сириядағы соғысқа аттандыруға дайындаған екен.

Айта кетейік, 29 ақпанда Мәскеуде Гүлчахра бала күтуші болып жұмыс істеген Бобокулова сол отбасының 4 жастағы қызын бауыздап өлтіріп, басын кесіп алған еді. Соңынан қылмысын жасыру үшін үйді өртеп кеткен. Кейіннен полицейлер оны көшедегі метро маңынан ұстаған. Ол қыздың басын пакетке салып алып өзімен бірге алып  жүрген болатын. Куәгерлер қанішер бала бағушының көшеде жүрген сәттегі әрекеті жөнінде айтып берген еді.

Талқылау