Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 13 жастағы оқушы қыз анорексиядан көз жұмды

Ресейдің Новосибирск  қаласында оқушы қыз би сабағы кезінде есінен танып, көз жұмды. Ол бұған дейін де бірнеше рет талып қалған екен.

Безымянный (2)

Жергілікті БАҚ өкілдеріннің мәліметінше, дәрігерлер қызды құтқарып үлгермеген. Олар келгенше оқушы көз жұмған.

«Оқушының медициналық анықтамасы бар. Оның дені сау және барлық сабақтарға рқұсат қағазы болған», – делінген хабарламада.

Оқушының туыстары оның қатаң түрде диета ұстанғанын айтады. Дәрігерлер оны тексере келе ешқандай кінарат таппапты.

«Тамақты өте аз жейтін, оған көптеп же десек тыңдамайтын еді», – дейді қайтыс болған қыздың әпкесі.

РЕН ТВ арнасы анықтағандай, қыздың ата-анасын оның жүдеп кеткеніне алаңдамақ түгілі, анасы қызын идеал сымбатты етемін деп оның денсаулығына ауырлық келтірген екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызының ескі суретін көрген желі қолданушылары одан арықтауға қатысты кеңес сұрады

Оқымыстылар тәтті тұтына отырып арықтаудың жолын тапты

Ғалымдар: макаронды диета арықтауға көмектеседі

Талқылау