Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 11 адамның өліміне әкелген вискиді саудалаған кәсіпкер қамауға алынды

Қамауға алынған азамат «элиталық» спиртті ішімдікті саудалаумен айналысқан. Оның вискиінен Красноярскіде 11 адам қайтыс болған.

whiskey1-1024x768

Ресейлік құзырлы орган 11 адамның өліміне күдікті кәсіпкерді ұстағандарын хабарлайды.

« Тергеу-шздестіру қызметі күдіктінің тұрғылықты жайын анықтаған. 2015жылдың 16 желтоқсанында  Домодедов есімді азамат қылмысқа күдіктеліп, қазір уақытша тергеу абақтысына жабылды. Ол  заңсыз тасмалданған  элиталық спитті ішімдікті Красноярскінің бұрын сотталған 22 жастағы азаматына сатқанын мойындады»,-делінген құқықтық органның хабарламасында.

Күдіктімен бірге тағы да алты азамат заңсыз алкоголді ішімдік саудасы бойынша күдіктеліп отыр.

Еске сала кетсек, қарашаның соңында 11 азамат заңсыз жолмен саудаланған вискиді ішіп қайтыс болған еді. Оларды медициналық сараптау кезінде ағзаларынан  метил спирті табылған еді. Қаза болғандар спиртті ішімдікті ғаламтор арқылы, арзан бағасына қызығп сатып алған.

 

 

Талқылау