Ресейде 10 жастағы бала елдегі экономиканы құтқару үшін Путинге 3 мың рубль жіберді

Сенбі, 2 Шілде , 2016 15:15

Ингушетияда тұратын 10 жастағы Ислам Гатиев Владимир Путинге хат жазуға шешім қабылдаған. Ол хаттың ішіне 3 мың рубль салып, осы ақшаны елдегі дағдарыстан құтылу үшін жұмсауға кеңес беріпті.

1467378247192173714

Сурет cs8.pikabu.ru

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Балаға мемлекет басшысына хат жазу туралы идея президенттің тікелей эфирдегі халықпен жүздесуінен соң келген.

“Путин халықпен тікелей эфирде тілдескеннен кейін бала оған хат жазамын деп шешім қабылдаған. Сондай-ақ, елдегі дағдарысқа көмек ретінде жұмсау үшін хаттық ішіне үш мың рубль салып жіберіпті. Ислам осылайша ел экономикасына көмектескісі келген”, – деп хабарланған аймақтық үкіметтің баспасөз қызметінде.

Ресей президенті өзінің қолы қойылған суретті балаға жіберіп, Ингушетия басшысының қоғамдық қабылдауына кіру туралы өтініш білдірген. Путин мемлекет басшысына беріп жіберген ақшаны да қайтарып беріпті. Сонымен қатар, 10 жасар бала сыйлыққа планшет пен велосипед те алды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар