Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей зообағында жолбарыс масаң күйдегі оқушы қызға шапты

Барнауылдағы «Орман ертегісі» зообағының жолбарысы 13 жасар қызға шапты. Екі құрбы қыз жабылғаннан кейін зообақ ішіне кіріп кеткен.

380ae23fa53854caa69412a7eb083c26__660x370

Сурет: lifenews.ru

Оқушы қыздар тордағы 9 жастағы Лотос жолбарысының қасына барып, әрекетін аңдамақ болып, айқайлап торды тоқылтып көреді. Жыртқыш алдымен қыздың бірінің күртешесінен тістеп, кейіннен оны аяғымен өзіне тарпақ болады. Алайда, тордың қуысы жіңішке болғандықтан, ол қызды өз жағына өткізе алмаған», – дейді зообақ басшысы Сегей Писарев.

Барыс қыздың аяқ бұлшықеттерін жұлмалап тастаған. Қыздың айқайынан күзетші келіп, ол полицей мен төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметін шақырған. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалды. Қазір жағдайы қалыпты.

Куәгерлердің айтуынша, оқушы қыздар оқиға болған кезде мас күйінде болған. Жолбарыс қыздың аяғын 40 минут бойы тістеп жібермеген.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Зообақ қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта бөгде біреулерді нысанға кіргізіп қойғаны үшін жауап береді», – делінген Алтай өлкесінің тергеу комитеті басқармасының сайтында.

Талқылау