Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Түркияға қарсы санкцияларды ұлғайтпақ

Ресей Түркияға қарсы санкцияларды ұлғайтпақ. Шектеулер енді қонақ үй бизнесі, ағаш өңдеу, білім беру және мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.

86203

«Коммерсант» басылымының ақпарына сай, жаңа тізім Ресей президентінің Анкараға қарсы «арнайы экономикалық шаралар» қаулысында көрсетілген.

Еске салсақ, 30 қарашада Ресей Түркиядан келетін азық-түлік импортын тоқтатты. 2016 жылдан бастап жұмыс күшін жалдаудан біржола бас тартпақ. «Ал болашақта Ресейде бизнесі жүріп тұрған түрік компанияларының кәсібі де тоқтауы мүмкін», – делінген мақалада. Қазірдің өзінде ресейлік туркомпаниялар Түркия курорттарынан бас тартып, әуе қатынасын үзді. Басылым «екі ел арасындағы салқындық Қазақстанда да қымбатшылық орнауына әкеліп соқтыруы мүмкін», – деп жазады.

Бұған дейін ресми Анкара шиеленісті шешуде Астанаға үміт артатынын мәлімдеген. Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұхбатында: “Мәскеу мен Анкара өзара мәмілеге келуі тиіс. Санкциялар соғысы ешкімге пайда әкелмейді”, – деп алаңдаушылық танытты. Ресей-Түркия қарым-қатынасы түрік әуе күштерінің Сириямен шекаралас аумақта ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін салқындады.

 

Талқылау