Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мәдениет министрін мультфильмдердегі азиялық бейнелер ашуландырды

Қазіргі заманауи орыс мультфильдерінде “орыс” бейнесіндегі образдар жоқ. Бұл мәселеге Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский алаңдаушылық білдірді.

ui-52393f86454059.38369278

Сурет scandaly.ru

“Егер бұл мультфильмдер ағылшынша дыбысталатын болса, онда олардың қытайлық студиялардың өнімінен айырмашылығы болмай қалады. Тіпті ондағы балалардың түрі азиаттар секілді болып кеткен”, – деді Мединский Петербург халықаралық экономикалық форумында.

Министр заманауи ресейлік мультфильмдерде “Made in Russia” дегеннен басқа ресейлік ұғымға тән ештеңе жоқ деді. Ол нарық үшін бұл қалыпты жағдай шығар, алайда бұл біз үшін қызық жағдай деп атап өтті.

Мединский алдағы уақытта да анимациялық жобаларды қолдауға дайын екендіктерін, бірақ ол жобалар нағыз орыс мультфильмі болуы қажеттігін айтты.

“Сіздер біздің Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі екенімізді ұмытпағайсыздар. Егер сіздің фильмдеріңіз Джончиков, Пончиков, Мэри туралы болатын болса, онда кезектің соңында тұрасыздар”, – деді министр.

2014 жылы 10 желтоқсанда осы Мединский егер қазіргі билікті сынап, тіл тигізетін болса, онда ондай отандық киноларды қаржыландырудың еш қажеті жоқтығын ескерткен еді.

Талқылау