Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей құрамасының футболшылары Монте-Карлода бір түнде 250 мың евроға ішімдік ішкен

Монте-Карлода жазғы демалыстарын өткізген футболдан Ресей ұлттық құрамасының ойыншылары Александр Кокорин мен Павел Мамаев шампан ішімдігі мен кальян алдырып тойлаған.

mamaev

Сурет sports.ru

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Жергілікті танымал түнгі клубта футболшылар бір бөтелкесі 500 евро тұратын “Арман де Бриньяк” шампанына тапсырыс берген. Куәгерлердің айтуынша, олар жалпы саны 500 бөтелкесін сатып алып, 250 мың евроға шығынданған.

Ал клубтағы бір үстелдің бағасының өзі мың евроға жуық тұрады екен. Ал клуб болса Монте-Карлодағы ең танымал көңіл көтеру орталығы болып саналады. Олар Ресейдің мемлекеттік әнұранын қостырып қойып, кальян да тартқан. Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко спортшылардың қатысуымен болған бұл даулы оқиға ұлттық құраманы қайта бағдарлау кезінде есепке алынатынын атап өтті.

WzzbpIHTX-I

Өз кезегінде Мамаев ойнайтын “Краснодар” клубы спортшының бұл әрекетіне қатысты тиісті іс-шаралар қабылданатынын хабарлады. Осылайша Павел Мамаев клуб басшылығының шешімімен клубтың жастар командасына ауыстырылған. Кокорин де “Зенит-2” сапында маусымды бастауы мүмкін.

Еске сала кетсек, Кокорин мен Мамаев Ресей ұлттық құрамасы сапында ЕВРО-2016 турниріне қатысты. Ресейліктер бұл турнирде ең төменгі нәтиже көрсетіп, өз топтарында соңғы орында қалған болатын. Екі футболшы да не голдық паспен, не голмен көзге түскен жоқ.

Талқылау